Жол талғамайтын қымбат көліктің алдыңғы тұсы жерге кіріп кеткен сәтінің фотосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті.
Бұл оқиға бүгін таңертең «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында орын алған. Белгілі болғаны ғимарат алдындағы брусчатканың астында кәріз құдығы бар болып шықты. Кәрізден атқылаған судың кесірінен жер шұңқырға айналыпты. Ал көлік тізгіндеген азамат байқамағанға ұқсайды.
Облыстық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, көлік жүргізуші аталған компанияда жұмыс істейді жне ол әзірге ешқайда шағым түсірмеген.