Ақшұқыр ауылында кісі өлімімен аяқталған топтық төбелеске қатысты қылмыстық істер қаралып, үкім жарияланды. Сотталушылар саны 31 адам. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдары бойынша, Ақшұқыр ауылында екі өзара жауласқан топ арасында жанжал туындаған.
Бірінші топ темір
құбырлардың, таяқшалардың, газ
тапаншаларының, пышақтардың және басқа
да суық қарулармен төбелес кезінде үш
жас жігітке түрлі дәрежедегі жарақат
салды. Одан кейін төбелеске қатысушылар
қылмыс орнынан бой тасалаған.
Келесі
күні екінші топ кек алуға шешім қабылдап,
өзара төбелескен. Нәтижесінде бірнеше
адам зардап шекті, ал олардың біреуі үш
күннен кейін реанимацияда қайтыс
болды.
Бірінші топтың 15 адамына
қатысты сот үкімі бойынша:
Бір адам
ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы және
ҚР ҚК 432-бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Оған төрт жыл бас бостандығынан айыру
жазасы тағайындалды.
Топтың төрт
қатысушысы ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігінің
2-тармағы және 287-бабы 4-бөлігі бойынша
кінәлі деп танылды. Оларға бес және алты
жыл бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалды.
Қалған 10 адам ҚР ҚК
293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша
кінәлі деп танылды. Оларға 3 жыл бас
бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Әр
сотталушыдан жәбірленушілерге өтемақы
ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
мөлшерінде, яғни 48 100 теңге көлемінде
мәжбүрлі төлем өндіріп алынды.
Екінші
топтың 16 азаматына қатысты сот үкімі
бойынша:
Жас жігіттің өлі үшін ҚР
ҚК 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы, 125-бабы
2-бөлігінің 7-тармағы және 99-бабы
2-бөлігінің 9-тармағы бойынша кінәлі деп
танылды. Ол 18 жылға бас бостандығынан
айырылды.
12 адам ҚР ҚК 293-бабы
3-бөлігінің 2-тармағы және 125-бабы
2-бөлігінің 7-тармағы бойынша кінәлі деп
танылды. Сотталушылардың әрқайсысына
жеті және сегіз жыл бас бостандығынан
айыру жазасы тағайындалды.
Бір
қатысушыны ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігінің
2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.
Оған үш жыл бас бостандығынан айыру
жазасы тағайындалды.
Тағы екі
адам ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы
бойынша кінәлі деп танылды. Олар бір
және үш жыл шартты түрде алған.
Талапкердің
бас айыпталушыдан 3 000 000 теңге көлемінде,
сондай-ақ 12 қатысушының әрқайсысынан
500 000 теңге көлемінде және үш сотталушыдан
200 000 теңге көлемінде моральдық зиянды
өндіріп алу туралы өтініші қанағаттандырылды.
Адам өлтірді деп айыпталған жас жігіттен
өтемақы ретінде 30 АЕК - 72 150 теңге көлемінде
мәжбүрлі төлем өндіріп алынды. Екінші
топтың әрбір сотталушысы жәбірленушілерге
20 АЕК мөлшерінде, яғни 48 100 теңге көлемінде
өтемақы төледі.
Сот үкімі әлі заңды
күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала
кетейік, оқиға өткен жылдың 9 тамызында
Ақшұқыр ауылында болған.