22 тамыз, 13:00
Ата-аналардың айтуынша, олар мектеп дирекциясына шағымданды, бірақ оларға ешкім жауап бермеген, деп жазады Лада сайты.
№6 мектеп оқушыларының ата-аналары оқулықтардың арасынан қандала шыққанын айтып шағымдануда. Мектеп дирекциясы ата-аналардың наразылығына жауап қатпаған.
- Кеше, 20 тамызда мектеп кітапханасына оқулықтар берілді. Үйге келгенде, біз олардың ішінен қандала көрдік. "Тосын сый" басқа да оқушылардың кітабынан шыққан, - дейді жетінші сынып оқушысының әкесі.
Ата-аналардың айтуынша, олар мектеп дирекциясына шағымданғанымен, оларға ешкім жауап бермеген.