Сараптама қорытындысы бойынша, дәрігердің мүгедек балаға дене жарақатын тигізгені анықталды.
Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотындағылардың айтуынша, сотта дәрігер өз кінәсін мойындаған.
Сот үкімі бойынша дәрігер үш тәулікке қамаққа алынды.
«Жаза қолдану барысында Мұхамбетовтың іс-әрекетінде ауырлататын және жеңілдететін мән- жайлар ескерілді. Дәрігер жасөспірімнің кәмелет жасқа толмағанын, емделуші баланың мүгедек екендігін біле тұра қатігездікпен іс-әрекет еткен»,-деді судья Алтай Қонысов.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда тіс дәрігердің кішкентай пациентке дөрекілік танытқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Оқиғадан соң дәрігер жұмысынан босатылды. Кейінірек стоматолог баланың ата-анасынан кешірім сұрап, оқиғаның мән-жайын айтып қазақстандықтарға видеожолдама жасады.