Ақтауда өнеркәсіп базалары аумағының бірінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесінде ұрып-соғу жарақаттары анықталған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Адам өлтірді деген күдікпен ұсталған азамат уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.