Ақтауда уланып қалған 6 жастағы бала қайтыс болды

30 қаңтар, 16:00

Бүлдіршін жеке үйді дезинфекциялау кезінде уланып қалған. Оқиға 13-ші шағынауданда орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 6, 12 жəне 13 жастағы үш науқас келіп түскен. Үшеуіне де токсикалық улану диагнозы қойылған. Өкінішке орай дəрігерлер 6 жастағы баланы аман алып қала алмады. Ал қалған екеуі ауруханада, жағдайлары бірқалыпты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ақтаулық тұрғын жәндіктерді улау мақсатында үйін көршілеріне ескертпестен дезинфекциялап, өзі кетіп қалған. Салдарынан көршілес пәтерде тұратын отбасының 3 баласы уланып қалған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 104-бабының 1-тармағымен тіркелгенін мəлім етті. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.