Ақтауда жалпы құны 3 млн теңгеден асатын заңсыз сатылымға шығарылған алкоголды ішімдік тәркіленді

29 шілде, 10:27

Ақтауда заңсыз сатылымға шығарылған 13 мың бөтелке алкоголды ішімдік тәркіленді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, спиртті ішімдіктерді заңсыз сатып келгендерді анықтады.

Заңсыз тауар Ақтау қаласының маңындағы қоймадан табылды. Алаяқтар танымал маркалы алкоголы ішімдіктердің атауын пайдаланып, қолдан жасалған ішімдіктерді сатпақ болған.

Жалпы құны 3 млн теңгеден асатын 13 200 бөтелке тәркіленді. Іс материалдары экономикалық тергеу департаментінің қарауына жіберілді.