Ақтөбеде 300-ге жуық көше тазалаушы жұмыссыз қалды

04 шілде, 11:00

2 шілдеде автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу тендерін "РЭП" ЖШС ұтып алды. "Қала Жолдары" ЖШС бұрынғы қызметкерлерін жаңа компанияға орналастыруға уәде берді, деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"Біз тендерге қатыстық, бірақ жеңілдік, себебі "РЭП" ЖШС-нен сәл жоғары соманы ұсындық. Біздің ұжымда 297 адам бар. "РЭП" ЖШС директорымен және Ақтау әкімімен келіссөз жүргізгеннен кейін біздің 220 қызметкер осы ЖШС-ға жұмысқа қабылданады деп шешілді. Біз осы компанияға көлік қызметтерін көрсете отырып, қосалқы мердігерлер боламыз. 70-ке жуық жүргізуші бізде жұмыс істейді", - деді "Қала жолдары " МКК директоры Қайрат Хайрушев.

"РЭП" ЖШС 300 млн теңге ұтып алды. Бұл қаражатқа кәсіпорын қалалық жолдар мен жол белгілерін тазалап ұстайтын болады.

"Мен сегіз жыл бойы "Қала жолдары" МКК-де жұмыс істедім. Менде тәжірибе бар. Қызметкерлерді өзіме қабылдауға дайынмын. Жалақы, демалыс, зейнетақы аударымдары сақталады", – деді "РЭП" ЖШС директоры Абай Қожабаев.

Айта кетейік, мамыр айында "қала жолдары" МКК 400 қызметкері жалақы бойынша қарыз төлемейінше жұмысқа шығудан бас тартқан болатын.