Зейнеткер 10 қыркүйек күні Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы «Тұрабай» шаруа қожалығынан Қарауылкелді ауылына бағыт алып, із-түзсіз кеткен. Кейуананы сол күннен бері туыстары, полициялармен бірге ауыл адамдары, еріктілер іздеп жатыр.
Іздеу шараларына облыстық Полиция департаментінен қырық қызметкер қосылған. Одан өзге кинологтар да бар. Барлығы 200-ден астам адам іздеу шараларын жүргізуді тоқтатқан жоқ. Тіпті әуеден бақылау үшін дрон да ұшырылған. Өкініштісі еш нәтиже жоқ.
Хабарсыз кеткен 63 жастағы зейнеткер туралы ақпарат Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына берілді. Тіпті Ресей елінің ел аумағына жақын облыстары да хабардар етілген.