Ақтөбеде көтерме көкөніс базардың бір топ сатушысы мәселелерін парамен шешуге тырысқан, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның өңірлік департамендегілердің мәліметінше, оқиғаға мамыр айында жүргізілген тексеру себеп болыпты. Яғни, санитарлар базарды тексеріп, сатушылардың тауарды сатуға берілетін тиісті құжаттардың жоқтығын анықтайды. Айыппұлдан құтылғысы келген саудагерлер санитармен келісіп, бас-аяғы 10 сатушының әрқайсысы 2-3 мың теңге көлемінде пара ұсынады. Нәпақасын базардан тауып отырған тұрғындар әкімшілік жауапқа тартылды. Енді олар бұл әрекеттері үшін 4 млн 810 мың теңге айыппұл төлеулері тиіс.