Ақтөбеде бүлдіршінді зорламақ болған 74 жастағы қарияға сот үкімі шықты

01 қазан, 15:30

Ақтөбе ювеналдық сотында 74 жастағы сотталушы Таджияковқа қатысты сот үкімі шықты. Судья Қуаныш Мұратов «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша сотталушыны айыпты деп таныды. Оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Сонымен қатар ер кісі алдағы 10 жылда педагогика саласында еңбек ете алмайды.

Еске салсақ, бұл оқиға Ақтөбедегі "Нұр Ақтөбе" шағынауданында маусым айында орын алды. Қарт кісі аулада жүрген алты жастағы кішкентай қызды конфет беріп алдап, кейін ұятты жеріне қолын салып, зорламақ болады. Бұл сұмдықты көршілері көріп, тәртіп сақшыларын шақырған. Аталған жайтқа сәйкес ҚР Қылмыстық кодекстің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүрді.