Ақтөбеде мекеме директоры 700 мың теңге парамен ұсталды (ВИДЕО)

14 қаңтар, 18:41

ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.


Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыру үшін бюджеттен ақша аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкер өкілінен 700 мың теңге сомасында ақша қаражатын алды деп күдікке ілінді. Процессуалдық ұстау күдіктінің және оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне байланысты қолданылған жоқ.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.