Ақтөбеде науқасты жағынан ұрған дәрігер ақыры қызметінен кетті

20 желтоқсан, 14:35

Ақтөбеде науқаспен төбелескен дәрігер қызметтен өз еркімен кету туралы арыз жазған. Облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігері енді жұмыс жасай алмайтынын айтқан, деп жазады Aktobenews.kz.
«Бізде бір жылдан аса ғана жұмыс жасаған жас маман мен науқас арасында кикілжің болған. Науқастың видео түсіргені үшін жағдай ушыққан. Ол дәрігерді шашынан тартып құлатқан. Оның да басында ісік бар. Бұл жерде дәрігерді ақтай алмаймын. Мұндай жағдайға жеткізбеу керек еді. Дәрігер бұдан әрі жұмыс жасай алмайтынын айтып өз еркімен арыз жазды», — дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.
Естеріңізге салсақ, 14 желтоқсан күні Ақтөбедегі жедел дәрдем ауруханасында науқас пен дәрігер арасында төбелес болған еді. Өзін рұқсатсыз видеоға түсіргені үшін науқасты жақтан ұрған дәрігердің өзі де таяқ жеген.