Ақтөбедегі облыстық перинаталдық орталықта жүкті келіншек қайтыс болды.
Облыс орталығы Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғыны толғағы қысып, перзентханаға түскен.
«Келіншек жүктіліктің 31 аптасында перзентханаға келді. Бір күннен соң бауыры мен бүйрегі сыр беріп, баланың жүрегі жатырда тоқтап қалды. Сараптама тағайындалды. Алдын ала белгілі болғаны - әйелдің бауыры түгел бүлінген. Арнайы сараптамадан соң өлімнің нақты себебі белгілі болады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.