Валюта:
  • USD / KZT - 511.77
  • EUR / KZT - 593.19
  • RUB / KZT - 6.41
  • ясно 32°C

Ақтөбеде төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен 83 жастағы қария мерт болды

30 қазан, 16:00

Ақтөбелік қарт тұрғынның көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатындағы терезесінен құлап кетіп, көз жұмғаны белгілі болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 30 қазан күні таңғы уақытта қаладағы Әбілқайыр хан көшесінде орын алған. Полицияның 102 қызметіне көшеде егде жастағы қарияның денесі жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 83 жастағы тұрғынның өз пәтерінен құлап кеткенін анықтады. Қазіргі таңда бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.