Ақтөбеде екі жігіт ауладағы көліктерді ұрлауды кәсіп етіп келген

06 қараша, 14:30

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше көлікті ұрлап, кейін оны сатып жүрген топ ұсталды. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

«Екі жігіт түнде көпқабатты үйлердің ауласында тұрған ресейлік маркалы көліктерді айдап әкетіп, оны көршілес Батыс Қазақстанға апарып сатып отырған. Қазіргі кезде олардың алты көлікті ұрлағаны белгілі болып отыр. Барлық іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабымен сот алды тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.