Ақтөбеде жеке клиникада көз жұмған жас келіншектің өліміне қатысты комиссия құрылды

16 қазан, 17:02

​20 жастағы келіншек Гүлдана Нұрмағамбетованың өліміне қатысты облыстық арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

«Көз жұмған келіншек жеке клиникада тексеруден өтіп, ем қабылдаған. Сол күні жатыр түтікшесінің өткізу қабілеті тексерілген. Сот-медицина сараптамасының берген болжамы бойынша анафилактикалық шок алған. Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы комиссия құрды. Нақты шешімі шыққан уақытта қосымша хабар беріледі», - деді басқармадағылар.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде 14 қазан күні 20 жастағы келіншек жеке клиникада емделіп жатып көз жұмды. Жақындары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Себебі екпе салғаннан кейін Гүлдана Нұрмағамбетова өзін ауыр сезінген. Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен іс қозғалды.

Марқұмның жолдасы әділдікке жету үшін кінәлілер анықталғанша күресемін деп отыр.