Ақтөбедегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы жыл басынан бері 18 жастан асқан 48 әйел мен 20-30 жас аралығындағы екі ер адам және 40-50 жас аралығындағы 1 ер адамның зорланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Актобе таймс басылымына сілтеме жасап Elitar.kz.
Алайда жыл басынан бері "Зорлау" бабы бойынша 48 істің 3-еуі ғана сотқа жіберілген. Тек бір қылмыстық іс бойынша 3 жыл және 6 ай шартты түрде үкім шығарылды. Қалған екі іске қатысты тараптар сотта татуласып, қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Еске салсақ, қазанның 6-сы күні 15 жасар қыз облыстық балалар клиникалық ауруханасына келіп түскен. Белгілі болғаны 5 қазан күні күндізге уақытта 24 жасар ер адам"ВАЗ" автокөлігінде жасөспірім қызға азығындық жасаған. Қылмыс Заречный-2 кентінде орын алды.
Фото: Алау ТВ