Ақтөбелік тұрғын ұрлық болған сәтте гипермаркетке сауда жасауға кіріп кеткен, деп жазады "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасап ELitar.kz.
Ұрлық оқиғасы "Анвар" гипермаркеті жанындағы көлік тұрағында болған. Тұрғын Skoda көлігін қалдырып, дүкенге кіреді. Салонда ірі сомадағы ақша жатқан. Иесі тауар сатып алып жатқанда белгісіз біреулер көлігін сәйкес кілтпен ашып, 27 миллион теңгесін алып кеткен.