Атырауда 71 үй мен 12 жатақхана бұзылады, деп хабарлайды Elitar.kz "ҚазАқпарат" ХАА-ға сілтеме жасай отырып.
"Қазіргі таңда Атырауда 71 тұрғын үй мен 12 жатақхана апатты жағдайда тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторы оларды авариялық тұрғын үй тізіміне қосты. Жаңа тұрғын үйлерді беру және үйлерді бұзу кезектілігі белгіленді", - деп хабарлаған қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.