Атырауда кәріз құбыры маңынан нәресте табылды

16 қаңтар, 12:54

Атырауда кәріз құбыры маңынан нәресте табылды. Оқиға кеше, 15 қаңтарда "Авангард" шағынауданында орын алған.

Жергілікті тұрғын кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай баланың жылаған даусын естіген. Дереу дауыс шыққан аумаққа барып, кішкентай нәрестені көріпті. Әйел азаматы шақалақты бірден үйіне алып келіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, кәріз коллекторындағы үйшіктен табылған нәресте қыз бала. Жағдайы ауыр, қазіргі таңда дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалудың барлық амалын жасап жатыр.