Атырауда жол талғамайтын Land Cruiser маркалы көлігі жеке тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаладағы Қазірет көшесінде орын алған. Көлікті 19 жастағы жас жігіт тізгіндеген. Алдын ала болжам бойынша көлік апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолдың тайғақ болуынан жүргізуші көлікке ие бола алмай, тұрғын үйге барып соқтығысқан. Зардап шегуші жоқ, қазіргі таңда көлік шығыны есептеліп жатыр.