Атырауда мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды

19 желтоқсан, 18:00

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырай облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ведомство мәліметінше, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысынан қызмет бабында алға жылжуы және жалпы қамқорлығы үшін 10 мың АҚШ долларын талап етіп, оның 3 мың долларын алды деп күдіктеледі. Айып тағылған азаматтың кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шешетін болады.