Атырауда Ресей нөмері тағылған көлік жүргізушісі тоғызыншы рет жауапқа тартылды

14 қазан, 14:03

​Атыраулық патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны кезекті рет жауапкершілікке тартты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ресей мемлекеттік нөмері бар "BMW" маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші осымен тоғызыншы рет анықталып отыр.

"Атырау қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сәтпаев даңғылында орналасқан "Меркур-Авто" автосалонының жанында "BMW" маркалы автокөлікті тоқтатты. Тоқтатудың себебі автомобильде алдыңғы және бүйір терезелерінің әйнектерінде жүргізуші орнынан көрінуді шектейтін бөгде заттар орнатылған. Тексеру барысында 27 жастағы жергілікті тұрғын бұрын осы құқық бұзушылық үшін 8 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.
Қазір жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 50 мың теңгеден асатын айыппұл төлеуге міндетті" делінген ведомство мәліметінде.

ФОТО: Атырау ПД