Атырауда тамақ ішіп отырған 1 жасар бала резеңке қақпақ жұтып қойған

14 қазан, 17:35

Балаға шұғыл түрде ота жасалып, дәрігерлердің арқасында аман қалды.

Сәбидің ата-анасының айтуынша, тамақтанып отырған кезде бала бірден шашалып қалған. Артынша ыстығы көтерілген. Алғашында мән бермеген ата-ана екі күн бойы өздігінен емдемек болыпты. Себебі сәбидің қақпақ жұтып қойғанын білмеген.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, бала №2 облыстық балалар ауруханасына келіп түскен. Тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан бөгде заттың барын көреді. Шұғыл түрде ота жасалып, алынған зат сеппенің (присыпка) резеңке қақпағы екені белгілі болды. Ақ халаттылар баланың өміріне қауіп жоқ деп отыр.