Атырауда ерлі-зайыптылар жол апатынан қайтыс болды

03 желтоқсан, 16:18

Атырау облысында орын алған жол апаты салдарынан екі адам қайтыс болып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Көлік апаты "Атырау-Ақтау" тас жолында орын алды. "Лада Гранта" мен "Ниссан" автокөліктері бір-бірімен соқтығысып қалды. Оқиға орнында ерлі-зайыптылар көз жұмды. Мақат ауданы, Доссор кеентіндегі ауруханаға алты адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді.

Атырау облыстық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, көлік апаты оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ФОТО: VistaNews.ru