Қойма қаланың екі қабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқан. Polisia.kz мәліметінше, Полиция департаментінің арнайы жасағы есірткі қоймасының кіре берісін сындырып кірген. Арнайы операция кезінде есірткі заттарының ірі партиясы, сондай-ақ медициналық шприцтердің қорабы тәркіленді.
Сараптама қорытындысы бойынша анықталған сұйықтық экстракциялық опий екені анықталды. Ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4 – бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, өткен жылы Атырауда есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 142 құқық бұзушылықты анықталып, 13 келіден астам есірткі өнімі тәркіленді.