Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.
Өкінішке қарай, бала өлімі былтырдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 11,4% – ды құраған. Орташа республикалық көрсеткіш - 7,86%, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша көрсеткіш деңгейі 10,3% – ға дейін төмендеді, орташа республикалық көрсеткіш - 8,3%.
"Ағымдағы жылдың 9 айында облыста 1 жасқа дейінгі 156 сәбилің өлімі тіркелген. Оның ішінде 98 бала (62,8%) Облыстық перинаталдық орталықта, қалған 54 бала басқа медициналық ұйымдарда қайтыс болған және 4 бала үйде қайтыс болған. Сәби өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңдегі жағдай, инфекциялық аурулар, туа біткен кемістіктер, жазатайым оқиғалар болып табылады", - деді комитет төрайымы.
Өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында байқалған. Өңірде медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы тозған, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жаңартылмаған, кадрлардың тапшылығы сақталуда деген дәйекті алға тартты Людмила Бюрабекова.
Сонымен қатар медициналық карталар мен гистологиялық материалдарды талдау тамыз айында Атырау облыстық перинаталдық орталығында санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етпеу нәтижесінде қыркүйек айында жаңа туған нәрестелерге ауруханаішілік жұқтырудың жалғасып, ауруханаішілік инфекциялардың дамығанын растады (57,7%-ы қанда бактериялар себілген). Бұл факт эпидемиологиялық тексеру нәтижелерімен расталады.