"Атыраудағы сәби өлімі": Облыстық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кетті

18 қазан, 18:33

«Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті. Облыс әкімінің денсаулық сақтау саласына жауапты бірінші орынбасары Серік Шапкеновке қатаң сөгіс жарияланды», - деп мәлімдеді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мәншүк Аймұрзиева Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 2017 жылы тағайындалған болатын. Оған дейін Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болған.

Еске салсақ, Атыраудағы облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері мен акушері сәбидің өмірін сақтап қалмады деген күдікке ілінді. Алдын ала болжам бойынша өмірге тірі болып келген сәби тоңазытқышқа салынған соң шетінеп кетті.