Атырауда 32 жастағы келіншек бес баласымен бірге уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқиға бүгін тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Көпбалалы ана балаларымен бірге үйде болған. Көмірқышқыл газынан уланған. Тексеру кезінде белгілі болғаны, улы газ пештің ақауынан шыққан.
Денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметінше, анасы мен балалары ауруханада ем қабылдап жатыр. Өмірлеріне келер қауіп жоқ. Айта кетейік, келіншектің балаларының ең үлкені 12-де, ал кенжесі 2 жаста.