Атышулы Жамалиевтің үстінен қозғалған іс тоқтатылды

27 желтоқсан, 17:23

"Әліби ісі" бойынша көпке танылған бизнесмен Қайрат Жамалиевтің үстінен қозғалған іс тоқтатылды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментіндегілер мәлімдеді.

Еске сала кетсек, "Әліби ісі" бойынша есімі белгілі болған бизнесмен 2015 жылдың тамызында сотты болып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейінірек ол жақсы тәртібі мен жазасының мерзімін айыппұл түрінде төлеу арқылы бостандыққа шықты. Ал жуырда оның үстінен тағы бір азамат арыз түсірді. Өз шағымында ер кісі бизнесменнен таяқ жегенін көрсеткен. Белгілі болғаны іс екі тараптың татуласуына байланысты тоқтатылды.