Малоубинка ауылдық округінің (Шығыс Қазақстан облысы) әкімі өрт сөндірушілер келгенше жанып жатқан үйден 11 жасар қызды алып шықты, деп хабарлайды аймақтық ТЖ департаментінің сайты.
Оқиға бірнеше күн бұрын түн ішінде Секисовка ауылында орын алды. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімі шықты. Жалын қабырғалар, терезе және есік блоктары, төбе жабындары, шатырлары қамтыды. Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады.
Өрт
сөндірушілер түтіндеген бөлмеде 11 жасар
баланың болғанын анықтады. Әжей
үйге кіре алмаған, себебі
кіреберісте тұрған веранда толығымен
жанып жатқан.
Өртті
ең алдымен жақын маңдағы ауыл әкімі байқаған.
Ер адам өрт орнына жүгіріп, терезені
сындырып, түтіндеген бөлмеге кірген.
Ол жатын бөлмеден қызды тауып, оны далаға
шығарды. Әйелімен бірге олар балаға
жасанды тыныс берді, бірнеше минуттан
кейін қыз есін жиды.
Зардап шеккендер
Өскеменге жеткізілді:
улы газбен уланған қыз және денесінің
30%-ын термикалық күйік
алған, әже жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Қазіргі уақытта олардың
жағдайы тұрақты.
Өрт
себептері анықталуда.