Арыс қаласындағы жарылыстардан зардап шеккен балалар ел астанасына жеткізілген болатын. Екеуі де ем алуда, біреуінің халі ауыр. Бұл туралы қалалық № 2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біжан Досмаилов хабарлады.
«28 маусымда санавиация желісі бойынша Астанаға Шымкенттен екі бала жеткізілді. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Жағдай тұрақтанғаннан кейін, 2005 жылы туылған балалардың бірі нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. 2011 жылы туған екінші бала ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр, барлық қажетті емдік шаралар жасалуда. Екеуі де айтарлықтай жарақат алған, екеуінде де бас сүйек-ми жарақаттары бар», - деп хабарлады Досмаилов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалар толық көлемде ем алуда, барлығы қалалық ауруханада бар және республикалық нейрохирургия орталығының мамандарымен бірге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.