«Bek Air» рейстері 24 қаңтарға дейін тоқтатылды

20 қаңтар, 15:13

Facebook әлеуметтік желісінде "Bek Air" компаниясының ресми парақшасында 24 қаңтарға дейін жоспарланған барлық рейстер тоқтатылатыны туралы ресми хабарлама жарияланды. Әуе компанияның барлық клиенттері билеттерді сатып алған жерлерге жүгіне алады. Егер азамат билетті әуе компанияның ресми сайты арқылы сатып алған болса, клиент callcenter@bekair.aero. поштасына сұрау жолдау бойынша билет қаражатын қайтара алады. Алайда дәл қазіргі уақытта техникалық қиындықтарға байланысты қаражатты қайтару мүмкін емес. Бірақ реттелген соң барлық ақша клиенттерге қайтарылатын болады.