Шымкентте ұшақ апатына байланысты авто-флешмоб өтпейтін болды

27 желтоқсан, 15:27

Жыл сайынғы дәстүрге айналған автокөліктерден шырша жасау шарасы биыл өтпейді. Көлік сүйер қауым Алматыда орын алған ұшақ апатына байланысты флешмобқа жиналмайтын болды.

"Елімізде орын алған қайғылы жағдайға байланысты жоспарланған іс-шара өтпейді",- деп жазды әлеуметтік желіде ұйымдастырушылар.

Айта кету керек, қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда көптеген ойын-сауық шаралары кейінге қалдырылды. Ал телеарналар ойын-сауық бағдарламалар таратуды тоқтатты. Ертең, 28 желтоқсанда Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болады.