Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы алғашқы автобан

08 сәуір, 11:00

225 шақырымды құрайтын алғашқы автобан Түркіменстан мен Қазақстан арасында салынады деп жоспарлануда.

Бұл туралы көршілес мемлекет президентінің есебінде белгілі болды. Елдің Вице-премьері Дадебай Амангелдиев министрлер кабинетінің отырысында Түрікменбашы - Гарабогаз-Қазақстан жүрдек автожолы Каспий теңізінің жағалауын бойлай салынатынын мәлімдеді.

Халықаралық жолдың құрылысы Түркменбашы портында басталады, соңғы пункт Қазақстанның Маңғыстау облысында болады. Сондай-ақ, ұзындығы 354 метр және ені 21 метр Карабогазгол (Қара-Богаз-Гол) шығанағы арқылы көпір салу жоспарда бар. Жобада ілеспе инфрақұрылым құрылысын салу да бар.

Автобанның құрылысы екі жақты саудаға, және елдер арасындағы жүк және жолаушылар тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Гурбангулы Бердымухаммедов жүрдек жолдың жобалық құжаттамасын пысықтауды, сондай-ақ техникалық сараптаманы қамтамасыз етуді тапсырды.