Жамбыл облысында Қордайға жақындаған автобус аударылып, салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Elitar.kz.
Оқиға бүгін, 20 сәуір күні таңғы сағат 5-тер шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 181 шақырымында орын алды.
Трасса бойымен
келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып
кеткен. Оған себеп болған жағдай, жол
бойында тұрған жүк автокөлігімен Toyota
маркалы автокөлік апаты.
Жол бойында келе жатқан жолаушылар
автобусы жоғарыда аталған автокөліктерге
соқтығысудан қашып, нәтижесінде өзі де
аударылып кеткен.
Жол
апаты салдарынан 8 адам оқиға орнында
қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге
жеткізілді, онда алған жарақатынан тағы
3 адам қайтыс болды.
Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің
345-бабы 4-бөлігі бойынша жол-көлік оқиғасы
фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу
ісі басталды.
Автокөлік
құралдары жүргізушілерінің кінәсі
тергеу барысында анықталатын болады.
Айта кетейік, облыс әкімдігі дереу жедел штаб құрып, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті психологтар кезекшілік ететін "Қауырт желі" ашты. Байланыс нөмірі: +7(7262) 513575 және +7(7262)514167.