102 пультіне алғашқы қоңырау сағат 12.00-де келіп түсті. Автовокзал қызметкері күту залында шаруашылық сөмкенің жатқанын хабарлаған.
Шұғыл әрекет ету қызметтері оқиға орнына келіп, сөмкені қарап шықты. Алайда жарылғыш зат табылған жоқ. Бұл асығыста ұмытып кеткен 29 жастағы ер адамның сөмкесі болып шықты.
"Сапар "автовокзалынан тағы да қоңырау келіп түскен. Диспетчер көлік тұрағында спорттық сөмке табылғанын хабарлады. Оқиға орнына тағы да полиция нарядтары жіберілді. Ұмыт қалған сөмкеден біреудің жеке заттары табылды.