Автокөлік ұрылары шымкенттік Бамблбиді бөлшектеп тастаған

27 мамыр, 20:11

Шымкентте автоұрылар қаладағы ең танымал, ерекше көліктердің бірін бөлшектеп тастады. BMW E34 шанағындағы 5 сериялы BMW өзінің ерекше түсі арқылы Бамблби деген атаумен танымал болатын.

Жақында интернет желісінде көліктің жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды, көлік иесі оқырмандарынан табуға көмек көрсетуін өтінген болатын.


Көлік, дәлірек айтқанда оның қалдықтары таяуда табылды. Қаскүнемдер темір тұлпарды бөлшектеп тастаған.

Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автоұрылардың қолынан қаза болған соң біраз уақыт Қазақстанның барлық қалаларындағы базарларда авто-рейдтер өткізілді. Мысалы, Шымкентте операция "Авто Нұр" базарында жүргізілді. Рейд кезінде полиция қызметкерлері базарды толығымен жауып тастады. Енді мұндай рейдтің қалада қашан жүргізілері белгісіз. Тиісті орган автоұрылардың ұясын қашан талқандары тіпті беймәлім.