Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отрып Elitar.kz хабарлайды.
Бүгін Шымкент қаласында сағат 8:50 шамасында Байтұрсынов және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы аялдамада №93 және №19 маршруттық автобустардың жүргізушілері жолды бөлісе алмай, қозғалысқа кедергі жасаған. Олар жолаушылардың алдында төбелесіп қалған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл оқиғаға дереу әрекет етіп, шара қолданды. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қошанов Ернар Жомартұлы 2 сағат ішінде жүргізушілерді анықтап, тірек пунктіне жеткізді, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.