"Аллаға, анама рахмет": Қайрат Нұртас Құрметті азамат атағына лайық емес дегендерге жауап берді (ВИДЕО)

20 маусым, 18:40

Қайрат Нұртас Қала күні мерекесінде Шымкенттің "Құрметті азаматы" марапатына ие болды. Осыған орай халық арасындағы түрлі алып-қашпа әңгімелерге өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Алдымен Аллаға, сосын анама алғыс айтамын. Шымкент әкімі Ғабидолла ағамызға осылай жастарымызды сыйлап, құрметтеп, бағалап отырғанына да рахмет. Шымкент қаласының тұрғындарына, халыққа рахмет. Алла разы болсын. Баршаңыздың үміт күткен ұлдарыңызға жұғысты бола берсін,»-деді танымал әнші.

"Халық арасында Құрметті азаматқа лайық емес деген пікірлер бар, оған не дейсіз? деген сауалға:

"Бес саусақ бірдей емес дейді ғой. Бәрі бір Алланың қалауымен. Бірақ сондай пікірдегі адамдардың ұрпағына да осындай мәртебені тілеймін" деп жауап берді ол.

Әнші "Сіз Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігіне ие болдыңыз. Сол мүмкіндікті пайдаланасыз ба?" деген сауалға:

"Әрине, көреміз, алда не боларын бір Алла біледі ғой. Сондықтан басымызға жазғанын көреміз" деп қысқа қайырды.