Қайрат Нұртас Шымкенттің Құрметті азаматы атанды

19 маусым, 12:30

Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкенттің Құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында әншіге Құрметті мәртебе беру туралы ұсыныс жасалған.

Қала басшысының ұсынысын халық қалаулылары қолдады. Қала күніне арналған мерекеде бүгін танымал әншіге "Шымкенттің Құрметті азаматы" атағы беріледі.

Белгілі болғандай, әртістің өзі бұл жаңалық туралы хабардар.