Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 28 жастағы жиен немересі Айсұлтан Назарбаев Лондондағы полицейге шабуыл жасағаны үшін шартты мерзімге сотталды. Үкім сынақ мерзімін, есірткіге тәуелділіктен емдеуді жалғастыруды, қоғамдық жұмыстар мен айыппұлды көздейді, деп хабарлайды ВВС.
Назарбаев есірткінің әсерінен полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, олардың бірін ұрып, тістеп алған деп кінәлі танылды. Тергеу болжамы бойынша, полиция офицерінің қолында тістеуден терең із қалған, ал жарақат салдарынан қан көп аққан.