ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың бұйрығы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері «Айбалта – 2019» ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілуі аясында оқу белгісі бойынша көтерілді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын арттыру және әскерлердің басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық дағдыларын шыңдау болып табылады.
ҚР
Қорғаныс министрлігінің баспасөз
хабарламасына сәйкес, оқу-жаттығудың
маневріне шамамен 8000 әскери қызметші
және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен
әскери техника, майдандық және армиялық
авиация тартылды. Оқу-жаттығуға Құрлық
әскрелері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы
операциялар күштері, арнайы әскерлер
мен материалдық-техникалық қамтамасыз
ету бөлімдері мен бөлімшелері тартылды.
Стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысушылар құрамдастырылған тәсілмен, өз жүрісімен, теміржол көлігімен, әскери-көлік авиациясының ұшақтарында көрсетілген ауданға қозғалыс жасап, белгіленген ауданға шоғырланып, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті.
«Айбалта
– 2019» стратегиялық командалық-штабтық
оқу-жаттығуы Алматы облысының «Көктал»
оқу-жаттығу полигонында өткізіліп
жатқанын және ағымдағы жылғы 3 мамырға
дейін жалғасатынын айта кету қажет.
Ауқымды оқу-жаттығудың өткізілуі
әскерлердің далалық машығының деңгейін
арттыру ісінде кезекті қадам болмақ.