Қазақстан аумағында жер асты дүмпуі тіркелді

18 маусым, 10:30

Жер сілкінісі Алматының оңтүстік-шығысында орын алды, деп хабарлайды Elitar.kz "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

18 маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 02:34-те Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның сейсмикалық стансалары желісінде жер сілкінісі тіркелді.

Жерсілкінісі эпиорталығы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.9. Магнитуда MPV 4.1. Тереңдігі 15 шақырым.