Қазақстан коронавирус тіркелген ел азаматтарына виза беруді тоқтатады

02 наурыз, 11:45

Коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстан аталған індет тіркелген елдерден келуші азаматтар үшін туристік, транзиттік, электрондық визалар беруді тоқтатады. Сонымен қатар елде медициналық маскалар мен қорғаныс құрылдары өндірісі өнім санын арттырады. Бұл туралы ҚР Премьер-министр орынбасары Асқар Маман Үкімет отырысында айтты.

Жиында Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекараның барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді және Іс-қимыл алгоритмінде жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.

Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Асқар Мамин Сыртқы істер министрлігіне елімізде бұған дейін жоспарланған ірі халықаралық іс-шараларды өткізу уақытын ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу, короновирустық инфекцияның таралуы бойынша қолайсыз жағдай орын алған елдер үшін транзиттік, электрондық, туристік визаларды беруді уақытша тоқтату тапсырылды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронаровирус белсенді түрде таралып жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Сондай-ақ, біздің фармацевтикалық кәсіпорындарда медициналық маскалар мен басқа да қорғаныс құралдары өндірісін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын»,-деді Үкімет басшысы.