Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мәскеу сапарын табысты болды деп бағалаймын"

04 сәуір, 10:24

Ресейге жасаған ресми сапары туралы "Кездесу қорытындысы бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мәскеу сапарын табысты болды деп бағалаймын"деп жазды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

"Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен келіссөз жүргіздім. Қазақстан-Ресей арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен келешек перспективаларын талқылап, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмастық. Кездесу қорытындысы бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді." деді Мемлекет басшысы.