"Шектеу - тыйым салу емес. Шетелдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға келе алады. Бұл шектеу өзге ел азаматтарына қойылады",-деді СІМ ресми өкілі.
Еске салсақ, коронавирусқа байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды. Бұл туралы Ақорда хабар таратты. Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықта:
"Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін" делінген.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли ел аумағында төтенше жағдай 2020 жылдың наурыз айының 16-сы сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейінгі аралықты қамтитынын мәлімдеді.