Елімізде медицина саласының 120 қызметкерінен COVID-19 диагнозы анықталды. Бұл туралы мемлекеттік комисияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
Олардың 67-сі коронавирус індетін жұқтырды деген күдікке ілінгендер немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. Қауіпті індетті жұқтырған медицина қызметкерлерінің 7 пайызы (9 адам) орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және сиптомсыз жатыр.