Бұл туралы Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қазақстанда ұялы операторлардың абоненттерінің мәліметтер базасына статистика жүргізіп көрдік. Елімізде 18 миллион адам ғана тұрғанымен, осы уақытқа дейін 42 млн SIM-карта сатып алынған. Статистикаға сүйенсек, әрбір қазақстандықта 2-3 симкадан бар деп есептей беріңіз. Бірақ, бұл орташа есеп. Шындығында, бір адамның атында кейбіреулердің атында 30-40 мың симкадан бар», - деді Виталий Ярошенко.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда бір адамның атына 51 мың ұялы телефон нөмірінің тіркелгені анықталған болатын.